Англияның Брэдфорд қаласында орын алған жайт жұрттың жағасын ұстатты.

Бейнетаспадан егде жастағы әйелдің сөмкесін жібермеген күйі көлік жолына құлап түскенін көруге болады. Алайда бұл ұрыға тоқтау бола алмаған. Ол, алдымен әйелді жол бойымен сүйретіп, басы мен бетінен тепкен. Ақыры, әйелдің әл-дәрмені құрып, қолы шамалы әлсіреген кезде ұры сөмкені тартып алып, белгісіз жаққа қашып кетеді.

Аталмыш бейнроликті жәбірленуші әйелдің ұлы «Фейсбук» желісіне салған. Аз ғана уақыт ішінде бейнеролик 600 мың көрермен жинаған.

Брэдфорд қаласының Грейт-Хортон көшесінде орын алған бұл оқиғаның нүктесі әлі қойылған жоқ.

Тәртіп сақшылары 30 жастағы күдіктіні құрықтаған деп хабарлайды кейінгі деректер.

reactor.inform.kz

Бөлісу:


Загрузка...