Жүкті әйел өзінің үйлену тойына бара жатып көз жұмды

Загрузка...

Бразилияда жүкті келіншек өзінің үйлену тойына бара жатып қайтыс болды.

30 жастағы медбике Джессика Гуедес Сан-Паулодағы шіркеу тойына бара жатқан жолда өзін нашар сезінеді. Басы айналу мен мойны ауырсынғанын айтады. Осыдан соң есінен танып қалды. Туыстары оны уайымдағаннан деп ойлады.

Оның 31 жастағы күйеуі – өрт лейтенанты Флавио Гончалвез сүйіктісінің кешігіп қалғанына таңғала күтіп тұрған. Лимузин келгенде, қалыңдықтың туысы жүгіре шығып, көмекке шақырды.

Күйеу жігіт көлікке жүгіріп, Гуедестің жанына барады. Қалыңдығы есін жиған соң бәрі жақсы екенін айтты, бірақ оның арқасы мен мойыны ауыра бастайды. Гончалвес оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін қалыңдықты Сан-Паулу орталығындағы перзентханаға апарды, бірақ көп ұзамай, істің ауырлығын ескере отырып, олар оны жеке ауруханаға ауыстырды.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел инсульт алған. Преэклампсияға (жүктілік кезіндегі асқынулар) және ішкі қан кетулерге байланысты хирургтар жатырды алып тастауға мәжбүр болды. Істің күрделілігін ескере отырып, дәрігерлер 29 апталық сәбиді құтқару үшін жедел кесарь отасын жасады. 930 грамм салмақта, бойы 34 сантиметр болатын қыз дүниеге келді. Оған София деп а қойды. Жас ана операциядан кейін қайтыс болды.

Гуедестің туыстары оның дәрігер бақылауында болғанын, дені сау, физикалық белсенді және жақсы тамақтанғанын айтады.

Гонсалвес жалғызбасты әке болып қалды. Оның қызы жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөліміне орналастырылды. Ол кемінде екі айды ауруханада өткізеді.

Ер адам жарынан айырылғанына әлі сене алмайтынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, ол ешқашан аяқтамайтын қайғылы фильмге түсіп жүргендей күйде. Гонсалвестің әріптестері оған медициналық шығындарды өтеу үшін 100 мың реал жинауға көмектесті.

Отбасы Гуедестің орган доноры болам деген тілегін орындауға шешім қабылдады.

stan.kz

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: