«Нұржанмен кездескісі келді»: Рысбек Аташ Жанардың соңғы өтініші туралы айтты

Загрузка...

Жанар Хамитованың өнердегі досы, әріптесі Рысбек Аташ Жанардың соңғы өтініші туралы айтты.

18 қыркүйек күні ақтық сапарға аттанған Жанардың соңғы өтініші жайлы досы айтып берді. Айтуынша, Жанар Нұржан Керменбаевпен кездесуді қалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Жанар менен «Нұржанмен кездестірші» деп өтінді. «Бірге тамақтансақ, бұрынғыдай сөйлессек» деп айтатын. Ол «Астарлы ақиқатта» Нұржан туралы артық айттым деп жүрді. Оған осы сәлемімді жеткізші дейтін», – деді Рысбек.

Аташтың айтуынша, Жанар жаны нәзік жан болған. Барлығын жүрегіне ауыр қабылдайтын.

«Ол көшедегі мысықтың өзін құшақтап алатын. Бәріне көмектескісі келіп тұратын. Сондай шынайы адам еді. Оның өлімін хайп болса деп тіедім. Рас болып шыққанда, ауыр қабылдадым», – дейді әріптесі.

Бұған дейін Нұржан Керменбаев Жанардың өзінен кешірім сұрағанын айтқан болатын.

18 қыркүйекте Жанар Хамитованың денесі жер қойнына тапсырылды. Әншімен қоштасуға келгендердің арасында өнердегі әріптестері болды.

stan.kz

 

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: