Тоқаев «оралман» деген сөзге қатысты пікір білдірді

Загрузка...

Қазақстанға оралған қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына «қандас», «бауырлас» терминдерін қолдану қажет деген пікір бар.

Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи отанына оралған қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартуға қатысты пікір білдірді.

«Бұған дейін айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» терминін пайдаланғанымыз жөн. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», – деп жазды президент Twitter парақшасында.

​Айта кетсек, Қазақстанға қайтып оралған қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына «қандас», «бауырлас» деген терминдерді қолдану қажет деген пікір бар.

Осы мәселе парламентте де көтерілді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұқбаттарының бірінде «оралман» деген сөзге қарсы екенін ашық айтқан болатын.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: