“Продюсерлерге ұнайтын әншілерді емес, халық тыңдайтын шынайы таланттарды марапаттайтын уақыт жетті”.

“ВКонтакте” әлеуметтік желісі өзінің муызкалық сыйлығын шығармақ. Ол желіде әні көп тыңдалған ресейлік және шетелдік әншілерге беріледі.

VK Music Awards “тұңғыш адал музыкалық сыйлық” ретінде сыйпатталып жатыр.

Продюсерлерге ұнайтын әншілерді емес, халық тыңдайтын шынайы таланттарды марапаттайтын уақыт жетті”,- деді “ВКонтакте” желісінің маркетинг жөніндегі директоры Александра Круглова.

Шара желтоқсан айына жоспарланған. Оның продюсері Тимур Бекмамбетов, жүргізушісі Павел Воля болады.

Марапаттау салтанатын screen-reality жанрындағы қолданушылар тікелей эфирде тамашалай алады.

Бөлісу:


Загрузка...