Ақмола облысында екі автокөлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол апаты Атбасар ауданындағы Мариновка ауылына жақын жерде кеше қазанда болған.

“Мицубиси-Франтеро жүргізушісі қарсы бағыттық қозғалыс жолағына өтіп кетіп, ВАЗ-2106 көлігіне соғылған. Соқтығысу салдарынан  ВАЗ-2106 жүргізушісі, оның әйелі мен екі қызы және тағы екі әйел қаза тапты. Екінші көлікте бір жолаушы қаза тауып, тағы бірі Атбасар орталық аудандық ауруханасына жатқызылған”, — деп хабарлады полиция агенттікке.

Көлік апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, “Мицубиси” жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:


Загрузка...