Тамақ ішіп отырып билеген Бүркіттің жары елді өзіне ғашық етті

Тамақтанып отырып билеп кеткен Бүркіттің жұбайы елді өзіне ғашықетті. Видеоны Instagram парақшасына жүктеген әншінің қылықты келіншегі елдің назарын аудармай қоймады деп хабарлайды NUR.KZ.
Видеода дастархан басында отырған Аиша шетелдік әуенге билей жөнеледі. Ал бұл сәтті түсіріп алған әнші видеоны «Кел, билеп жіберейік» деген жазбамен желіге жүктеп қойды.
Ал оқырмандар Аишаның бұл қылығына сүйсініп қалды. «Биі қандай жарасымды», «Күлкісі қандай әдемі», «Күшті билейсіз ғой», «Келіншегіңіз әдемі» деп жылы лебіздерін жаудырды.
Айта кетейік, Бүркіт пен Аишаныңбір ұлдары бар. Қазіргі уақыттаәншінің жары екінші сәбиін күтіп жүр.

Бөлісу: