«Бермесең, өзің сотта»: Әблязов пен Храпуновқа қатысты қудалау ісі шетелде жалғасын таппақ

Загрузка...

Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновқа қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство оларға қатысты іс материалдарын шетелдік құқық қорғаушыларға жібермек. Бұл туралы Марат Ахметжанов мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокурордың орынбасары өз сөзінде Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында миллиардтаған ақшаны жымқырғанын атап өтті. Бұл Қазақстанда аса ауыр қылмыс деп саналады, дейді ол.

«Қазіргі уақытта аталған тұлғалар тұрып жатқан мемлекеттердің құзырлы органдары арқылы жұмыс жүргізіліп жатқанын білесіздер. Қылмыстық қудалау жалғасуда. Біздің мемлекеттің аумағында Әблязовқа қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар. Ол экономикалық қана емес, жалпықылмыстық қылмыстар бойынша сотталған», – дейді Ахметжанов.

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда Әблязов пен Храпуновты Қазақстанға беріп, экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Егер бермесең, өзің сотта» деген ұстаным бар. Сол жақта оларға қатысты шешім қабылдануы үшін тиісті органдарға белгілі бір материалдар жіберіледі», – дейді бас прокурордың орынбасары.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: