Назарбаева Тоқаевтың жұмысын жоғары бағалады.

Загрузка...

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы басталды. Бүгін сенат төрағасы Дариға Назарбаева хатшылық төрағасы ретінде отырысты алғаш рет өткізіп отыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Отырыс кезінде Дариға Назарбаева Тоқаевтың Сенат төрағасы болып қызмет атқарғандағы жұмысына жоғары баға берді

.  «Тәуелсіздік жылдарында өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегіне айналған елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын ең ірі әлемдік діндер мен конфессиялардың басшылары қолдады. Оның конфессияаралық ашық диалог өткізу идеясын сол сәтте барша әлемнен қолдау тапты. Содан бері Қазақстанның тұңғыш президентінің стратегиялық салмақты әрі көреген бастамасы өзінің өзектілігін жоғалтқан емес», – деп бастады сөзін Назарбаева.

Съезд барысында Үнді мәдениеті орталығының директоры Кала Дхананджей Ачария махаббат пен өнер, тату диалог туралы айтқан.Дариға Назарбаева доктордың сөзімен келісіп, келесі съезде өнер фестивалін ұйымдастыруды ұсынды.

«Маған өнер – адам жүрегіне жеткізетін ең қысқа жол деген идея ұнайды. Сондықтан, сізбен толық келісемін, татулық, бейбітшілік, дінаралық және конфессияаралық диалог мүддесінде барлық бағыт бойынша өнерді әзірлеу және пысықтау қажет деген көзқарасыңызбен келісемін. Келесі конгресте осы тақырыпқа арналған өнер фестивалін ұйымдастырып, дайындай аламыз деп үміттенемін. Осы бастамада қосатын ықтимал үлесіңіз үшін бәріміз сізге алғыс айтамыз деп ойлаймын. Егер бұл фестивальға жастар назарын аударта алсаңыз, бұл осы тақырыпқа арналған өнер көрмесін ұйымдастыру үшін екі есе пайдалы болар еді. Біздің жұмыс тобымыз осы бойынша жұмыс істейді», – деді Дариға Назарбаева.

 

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: