Атышулы продюсер Баян Есентаеваның тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек «некесіз бала туу ұят емес» деген жазбасынан кейін, өзін «жүкті» деген желі қолданушыларына Instagram парақшасында жауап берді,пишет kaz.365info.kz.
«Америка жайлы жазбамның «ұят» туралы айтатын хейтерлердің екінші тынысын ашқанына таңғалмаймын. Мен адамдардың оқыған дүниесін басқаша түсінетініне үйреніп қалдым. Америка жайлы жазамын, өз елімді жек көремін. Некесіз бала туу -ұят емес деймін, сөйтсем өзім «некеге тұрмай-ақ, жүкті екенмін»,-дейді ол.

Сонымен қатар Айсәуле шет елдіктердің Қазақстанды Борат арқылы емес, Генадий Головкин арқылы танитынына қуанышты екенін жеткізді.

«Айтпақшы, бүгін ғана Қазақстанды Боратпен байланыстырмайтынының қандай керемет екенін талқыладық. Бізден  «triple G?» деп сұрағанда, мақтанышпен «yes!» деп айтамыз. Рақмет саған, Гена! Қош бол, Борат!»,- деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айсәуленің аталған жазбасы арқылы не айтқысы келгенін түсіебегендерін жеткізді.

«Ол некесіз аяғым ауыр деді ме, әлде маған солай көрінді ма?», «Онда некесіз бала тауып, үйде отыр», «Масқара, ұялмай соны айтып отыр ма?!», «Сенің аяғың ауыр ма?»-деп жазды оқырмандар.

Ал, кей желі қолданушылары Айсәуленің өзін сынағандарға мысқылмен жауап бергенін және оны дұрыс түсіну қажет екенін айтты.

Бөлісу:


Загрузка...