Әлеуметтік парақшаларда қазақстандық оқулықтарда жоқ жалған суреттерді жарияланғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Білім және ғылым министрлігі Ішкі істер органдарына тиісті арыз түсірген. Ерлан Сағадиев қоғамда дау-дамай тудырған мәселеге қатысты осындай пікір білдірді. Министр барлық түйткіл Парламент қабырғасында заңнамалық деңгейде қаралатынын жеткізді. Ол үшін «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық өкілдері барлық өңірлерді аралап, аталған кітаптардың мазмұнына қатысты наразылық танытқан ата-аналармен және ұстаздармен кездесу өткізеді. Кейін барлық ұсыныс пен ескертулер жиналып, талқыға салынатын болады.

Ерлан Сағадиев ҚР Білім және ғылым министрі:

– Осы мәселе бойынша министрлік жұмыстар атқарып жатыр. Барлығы анықталған соң, ақпаратты сіздерге міндетті түрде жеткіземіз.

Сондай-ақ Ерлан Сағадиев электронды журналдарды қолданысқа енгізген мектептерге қағаз журналдарды пайдалануға тыйым салынатындығын айтты. Министр Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

Биыл 7 мыңнан аса мектепте интерактивті сабақтарды 3 тілде жүргізуге мүмкіндік беретін жүйе енгізілген. Ғылыми гранттарға тапсырыс пен есепті электронды жүйеде қабылдау жұмыстары да іске асып жатыр.

24.kz

Бөлісу:


Загрузка...