Әнші Майра Ілиясова жұбайына екінші жар алып бергенін айтты. Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасына сұхбат берген әртіс араларында бір ғана бала болғандықтан, жарының екінші жар алуына, өзі атсалысқанын айтты.

«Менің жолдасым өте жақсы азамат. Біздің ортамызда бір ғана қыз болды, сосын мен қызым жалғыз болмасын деп, ризашылығымды бердім.  Қалыңдық іздегенде әпкемнің қыздарының достарымен өзіміз таныстырдық. Бүгінде олар тамаша отбасы болып отыр, араласып тұрамыз. Немерелерімізбен бір -бірімізге  шәй ішуге барып тұрамыз, өте тамаша қызға үйленді»,-дейді әнші.

Сондай-ақ, ол жарын өз еркімен жібергенімен, бір -бірімен әлі күнге дейін бауыр ретінде араласып тұратындарын айтты.

«Қызым Тоғжан әкесінен алыстап кетпесін, күйзеліс болмасын деп, біз бірден тату жүрдік. Ұрыс-керіс болған емес, содан жаман болдық па?! Тоғжанның бауыры бар. Бізде тұрмысқа шықпаған қыздар көп қой, менің бұл әңгімемді әйел жолдастар жақсы қабылдамауы мүмкін. «Майра керек болса екі-үш әйелді өзі әперсін» деп. Мен екінші отбасына рұқсат беріп, атсалыстым.

Кейбір ақылды әйелдер ұл болмаған кезде, бала болмаған кезде рұқсат беріп жатады.

Ондай әйелдер әрине ақылды. Қыз кезінен қосылған жарын кім қияды, әр әйелдің өзінің жан сыры, ақылы бар»,- дейді Майра Ілиясова.

Бірінші жарына екінші әйелді өзі таңдағанымен, Майра Ілияқызы өзі екінші рет отбасын құруды ойламағанын жеткізді.

«Өз басым екінші рет тұрмыс құратын ойым жоқ.  Бірінші жұбайым қазір маған туған бауырым сияқты. Ағасы мен қарындасы сияқты махаббат қалды. Кейбіреулер біздің туыс сияқты араласып жүргенімізге таңғалады»,- деді ол.

Дереккөз: nur.kz

Бөлісу: