Көкшетауда 21 жастағы бойжеткен өзімен танысқысы келген 2 жігітті пышақтап тастады

Көкшетауда 21 жастағы бойжеткен өзімен танысқысы келген 2 жігітті пышақтап тастады

Араға 1 сағат салып, 27 жастағы ер адам да пышақ жарақатымен түскен.

Көкшетауда көңіл көтеру орындарының бірінде бойжеткен 2 ер адамды пышақтаған, деп жазады NewTimes.kz Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтете жасап. 

31 тамыз күні түнгі сағат 1:15-те полицейлерге ауруханаға 30 жастағы ер адамның пышақ жарақатымен түскені жайлы хабарлама жеткен.

Араға 1 сағат салып, 27 жастағы ер адам да пышақ жарақатымен түскен.

Іздестіру шаралары барысында 21 жастағы бойжеткен тұтқындалды. Ол өзін қорғау үшін үнемі пышақ алып жүретінін және жігіттердің танысайық деп мазасын алғанын жеткізді.

 

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу