Еске сала кетсек, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы қыркүйекте қымбаттай түскен.

Қостанайда АИ-95 маркалы бензиннің бағасы 155 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қаладағы көптеген жанармай бекеттерінде 30 қыркүйек күні кешке қарай баға көтеріле бастаған. қала тұрғындарының айтуынша, жұма күні 152 теңге болған бензин бағасы кеше бірден 155 теңгеге көтерілген.

Ал Атырау облысында бензин қымбаттап қана қоймай, жанар-жағармай құю стансаларында оның тапшылығы байқала бастады.

«Кеше Атырау-Астрахань тасжолының бойында АИ-92 де, АИ-95 те болған жоқ. Исатай ауданындағы Аққыстау ауылындағы Жанар-жағармай құю стансасы да жұмыс істемеді. РФ-мен шекаралас Құрманғазы ауданында да бензинді таппадық. Машинамыз газбен жұмыс істей алатыны жақсы болды. Ганюшкино ауылында газ толтырып алдық, әйтеуір отынның бұл түрі сатылымда бар екен», — деп хабарлады «Прикаспийская комунна» облыстық газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева.

Әлеуметтік желі қолданушылары бензин тапшылығы Мақат ауданында да болып жатқанын жазуда — АИ-92 мен АИ-95-ті «ҚазМұнайГаздың» жанар-жағармай стансаларынан ғана құйып алуға болады. Атырауда бензин «Гелиостан» басқа барлық ЖЖҚС стансаларында бар.

Еске салайық, өткен аптада Атырауда сұйық отын бағасы 2-3 теңгеге қымбаттады — АИ-92 — 144 теңгеге дейін, АИ-95 — 155 теңгеге дейін. Отын тапшылығы себептерінің бірі — Атырау мұнай өңдеу зауытының 20 күннен артық күрделі жөндеу жұмыстарына жабық болуы. Бүгінгі күні зауыт өндірісін жалғастыруда.

Ертеректе энергетика министрлігі бензин бағасының қымбаттауына Ресейден келетін импорттың аздығы әсер еткен деп түсіндірген еді.

Айта кетейік, қазіргі таңда елдегі ірі үш мұнай өңдеу зауытының екеуі жөнделіп жатыр.

Naryk.kz

Бөлісу:


Загрузка...