“Прожектор перисxилтон”, кешіріңіздер, “Сенбілік шоу” бағдарламасын көрдім. Күлмек түгілі жымия алмадым. Саяси əзілдерінің өзі сəтсіз шықты. Əсіресе, бауырлас қырғыз елінің Нота тапсырғанын “Неге нота? Неге сөз емес? Е, Атамбаев музыкант еді ғой.. Қырғыздарға 100 млн доллар беріп едік, тыныш отырмай ма?” деп күлгендері ұят болды. Студиядағы төртеудің өз сөздеріне өздері тоқтаусыз күле бергендері тіпті артықтау. Олар емес көрермен күлу керек емес пе? Бəрінен де ана үшеудің арасынан Айдос бауырымды көріп, саясаткер, саясаттанушы, ұлтшыл, алашшыл, байсалды да ақылды Айдостың имиджін жоғалтып аламыз ба деп қорқып отырмын. “Көш жүре түзелетін” шығар? Əзірге осы!

Арман Сқабылұлы фейсбук парақшасынан

Бөлісу: