“Жасы ұзақ болсын Бейсен ағамыздың”. Жұрт әлеуметтік желіде жаппай “Айтуға оңай”, “Қаракет” бағдарламаларының жүргізушісі Бейсен Құранбектің амандығын тілеп, дұға жасап жатыр,-деп хабарлайды Qazbrand.info ақпараттық порталы.
Түс ауа желі де тараған “Бейсен Құранбек дүниеден өтіпті” деген ақпарат көптің көңіліне кілт қаяу түсіргені рас. Дегенмен, ФБ желісінде ол ақпараттың жалған екенін айтып жатыр. ФБ пайдаланушысы “Мағыналы сөздер” тобында Бейсен Құранбектің жағдайы туралы сурет жүктеді.
Ал, жалған ақпаратты кім таратып жүргені әлі белгісіз. Жақсы сөз – жарым ырыс. Бейсен ағаның тез жазылып кетуіне тілектеспіз.