“Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы барлық жарыстардан ресми түрде шеттетілді”.
Осы “жаңалықты” әріптестер бірінен-бірі іліп алып, парақшаларына жариялап жатыр. Допингке “тойып” жүрсе, шеттетпегенде қайтеді…
Жалпы, ауыр атлетика дегеніңіз – допингтің қып-қызыл ортасы! Бәрі қолданады. Қазақстан да, Ресей де, АҚШ-та. Тек басшылар дұрыс саясат жүргізу керек. Ресейдің жайы белгілі. Санкциясы, тағы басқа себептері бар.
Талғат Ермегияев спорт саласына жетекшілік еткенде “арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей” абыроймен алып жүрді. Ауыр атлетика xалықаралық федерациясының төрағасы Қазақстанға келіп, Талғаттың арнайы қонағы болған. Әйтпесе, тура сол тұста біздің толағайлардың допингке тойып жүргенін солар білмеді дейсің бе…
Қазіргі басшылық, Serik Abikenнің сөзімен айтқанда, Айбалық екен! Не жұмыс істей алмайды, не тіл табыса алмайды!

Ерік Рахым фейсбук парақшасынан

Бөлісу:


Загрузка...