Тасмағамбетов қызметінен босатылды

Загрузка...

«Ақтөбе мұнайөңдеуші» ЖШС-нің бас директоры Тасмағамбетов қызметінен босталығаны биржадағы жаңалықта айтылған, деп хабарлайды Neonomad.kz  ақпараттық агенттігі Курсив сайтына сілтеме жасап. 

KASE-де жарық көрген «Ақтөбе мұнайөңдеуші» ЖШС хабарламасында «Бас директор Ілияс Тасмағамбетовтың өкілеттілігі 2019 жылдың 6 тамызынан бастап тоқтатылды» делінген.

«Бұл шешім осы кәсіпорынның кезекті жалпы жиналысында қабылданды. Сөйтіп кәсіпорынның жарғысына өзгерістер енгізіліп, соған сәйкес алқалы атқарушы орган таратылып, жеке атқарушы орган құрылды. 7 тамыздан бастап компанияның бас директоры болып Александр Ким сайланды», дейді компаниядағылар.

Википедия мәліметтері бойынша, Ілияс Тасмағамбетов – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің туған бауырының баласы.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың желтоқсанында аталмыш зауыт аумағына арнайы операция жүргізілген бодатын. Нәтижесінде күш құрылымдары бірнеше адамды құрықтады.

Құқық қорғау органы мәліметінше, бұл аумақта арнайы операция мұнай ұрлау және мұнайдың заңсыз айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау үшін жүргізілген.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: