Ерлан Сағадиев “Ауылдағылардың “балама ағылшын тілі керек емес” дегенін естімедім” депті. Ауылдағыларға (қазаққа) ағылшынның емес, орыстың тілі керек емес! Ағылшын тілі – болашақтың, орыс тілі – бодандықтың тілі. Сонда бізге қайсысы керек? Өзі сияқты құлдық психологиясы асқынып кеткендер аздай, орыс тіліне неге сонша уақыт бөліп оқытып жатқанын түсінбеймін. Одан да сол алтын уақытты ағылшын тіліне арнаса ғой, ұтар едік…

Жолымбет Мәкіш фейсбук парақшасынан

Жолымбет мырза жақсы айтыпты. Жазбасын қалың жұрт жұлып әкетіп, өзінше ортаға салып талқылап жатыр қазіргі сәт. Сағадиев мырзаға “реформа, реформа!!!” деп сандырақтағанша дәл осы жазбадағы пікірлерге көз салса ғой (әйтеуір құлақ салмайды екен):

  • Батыр Кожин Онда құлақ жоққой еститін қанша айтылып жатыр , өтірік айтудан жалықпайды “арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда барса артыда сонда барады”-деген ғой.
  • Тәуке Болатбаев Ағылшын тілін дамытпас бұрын, балаларды қазақ тілін жетік меңгеруге қол жеткізуіміз керек! Орыс тілін көшеде-ақ үйренеді! Ал ағылшын тілі расында әлемдік деңгейге көтерілу үшін керек!
  • Дулат Байкубенов Негізі орыс тілін мектептен алып тастаса да, бұл тілді барлығы үйреніп алатынына сенемін.

P.S.

Пікірлердің аясы осындай. Расымен де, бізге орыс тіліне басымдылық берудің қажеті қаншалық? Заманның ағымына жылдам ілесіп, уақыттан ұтылмай ағылшын тілін меңгеруіміз, озық технологиялар құлағын ұстауымыз маңыздырақ қой. Біз орыс тілін онсыз да білеміз. Білмек түгілі құтыла алмай жүрміз.

QazBrand.info

Бөлісу:


Загрузка...