Өзіне қол жұмсамақшы болған қызды ер жігіт дер кезінде құтқарып қалды.

Ер адам тоғызыншы қабаттан секірмекші болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды аймақтық “Лада” басылымы.

Басылымның хабарлауынша, 28-шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінен жас қыз секірмекші болады.

“Қыздың жасы шамамен 18-де. Мен оны танымаймын. Көршім оны байқап қалып, құтқарды. Оқиға 30 қыркүйек күні күндіз болды”, — дейді куәгер.

Бөлісу:


Загрузка...