Қалыңдығының туфлиін киіп алған жігіт жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Қытайдың Чунцин қаласында жігіті қалыңдығының аяғы биік өкшелі туфлиден шаршаған соң, ол өзінің жайпақ аяқ киімін қызына берген. Олардың аяқ киімдерімен алмасқан сәтін байқаған бір куәгер фотоға түсіріп алып, суретті желіге салған көрінеді.

Екі жастың бұл әрекеті кеңінен тарап кеткені соншалық, сурет 25 мыңнан астам лайк жинаған.

Желі қолданушыларының көбісі жігіттің қызына көрсеткен бұл қылығын қамқорлық десе, кейбірі жігіттің туфли кигені өте ұят екенін жазуда.


Бөлісу:


Загрузка...