Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Загрузка...

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды

Павлодардағы аулалардың бірінде адам өлтірді. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы полиция департаменті растады.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, трагедия Естай көшесіндегі №134/1 үйдің ауласында болған. Осы үйдің тұрғыны көз жұмды деп хабарланып отыр. Полиция аумақты қоршауға алды.

«Өте керемет жан, отағасы, әке, ата еді. Әрқашан көмекке келуге дайын тұрды», – деп жазады желі қолданушыларының бірі.

«Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы («адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау және ұстау шарасы жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды», – деді өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Бұл бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: