Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғимараттан шығып, жылдам жүріп келе жатқанын көруге болады. Мемлекет басшысы қара Mercedes-Maybach маркалы көлікке отырып кетеді. Ал кортеждің басында мотоцикл мінген жеті полицей жүреді.

Бірақ желі қолданушылары тағы бір нәрсені байқап қалды. Президенттің кортежі тұрса да, көшедегі халық емін-еркін жүр. Ал бір велосипедші тура Тоқаев отырған көліктің жолын кесіп, өтіп кетеді. «Велосипедші адасып жүр ғой», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, кеше, 5 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германиядағы ресми сапары басталған болатын. Қазақстан президентін Германия канцлері Ангела Меркель қарсы алды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева @aida_balayeva өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған болатын НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғимараттан шығып, жылдам жүріп келе жатқанын көруге болады. Мемлекет басшысы қара Mercedes-Maybach маркалы көлікке отырып кетеді. Ал кортеждің басында мотоцикл мінген жеті полицей жүреді. Бірақ желі қолданушылары тағы бір нәрсені байқап қалды. Президенттің кортежі тұрса да, көшедегі халық емін-еркін жүр. Ал бір велосипедші тура Тоқаев отырған көліктің жолын кесіп, өтіп кетеді. «Велосипедші адасып жүр ғой», — деп жазды желі қолданушылары. Айта кетейік, кеше, 5 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германиядағы ресми сапары басталған болатын. Қазақстан президентін Германия канцлері Ангела Меркель қарсы алды.

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)