Алкоголь адамзаттың ата-бабасын жойылып кетуден сақтады – ғалымдар

Эксетер университетінде британдық ғалымдар жүргізген зерттеу бойынша «Адамдар мен алкоголь: ұзақ және әлеуметтік бизнес» кітабы жарық көрген. Аталған еңбекте алкогольді сіңіру қабілеті адамзаттың ата-бабасын жойылып кетуден сақтап қалған болуы мүмкін екені айтылады, – деп жазады Phys.org. Бұл деректі Liter.kz жариялады.

Кітапта шамамен он миллион жыл бұрын қазіргі адамдардың арғы түбі – маймылдар құлаған жемістерді жеп, олардың көпшілігі әлсірей бастағанын және көбейе бастағанын жазады. Маймылдар жеміс құрамында этил спирті болғандықтан сіңіре алмаған. Белгілі бір кезеңде олардың ағзасында жемістерге бейімделу пайда болды, осылайша жеміс-жидекті тұрақты тұтына бастаған-мыс.

«Тіпті бүгінгі күні біз ашытылған жемістерді жейтін және тіпті адамдар жасаған пальма шарабын ішетін маймылдарды көріп жүрміз», – дейді кітап авторы доктор Ким Хоукинс.

Загрузка...

Кітапта алкоголь көбінесе «әлеуметтік проблема» ретінде немесе маскүнемдік ретінде қарастырылғанымен, бірақ оның өткен және қазіргі кездегі адамзат қоғамының құрылымындағы маңызы ескерілмейтіні жазылған.

«Ішімдік ішу адамдардың қарым-қатынас құруында және оны сақтауында маңызды рөл атқарды. Әр түрлі мәдениеттерде және әр түрлі уақытта бұл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының бір бөлігі болып табылады», – дейді кітап авторының бірі Робин Данбар.

Доктор Хокинс және профессор Данбармен бірлесіп жазып, редакциялаған еңбек антропология, археология, тарих, психология және биология ғылымдарына негізделген.

Аталған кітап 5 қаңтарда Ұлыбритания мен АҚШ-та басылып шығады.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: