“Кәмшат Жолдыбаева тұрмысқа шықты…”

kamshat zholdybaeva 190618

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева “тұрмысқа шықты”, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымал өнер иесінің әншілігімен қатар, актрисалық қыры да бар екенін жақсы білеміз. Ол қазіргі таңда “Қарлығаш ұя салғанда” атты телехикаяда бой көрсетіп, көрерменге кең танылған. Осы туындыда басты рөлді сомдаған актриса жаңа бөлімде тұрмыс құрды. Қарлығаш болып ойнайтын Жолдыбаева Тасқын есімді жігітпен көңіл қосты.

news full1568618393c98e03a9ece5680a7c1093f71b715004

Мұны көрген желідегілер жарыса пікір жазып, Еркебұлан Дайыров пен Кәмшат Жолдыбаеваның бір-біріне жақсы жарасатынын айтты.

“Өмірдегі Кәмшат пен Қарлығаштың ұқсастығы көп қой. Өмірде де осындай жақсы жігіт жолықсын”, “Осы туынды қатты ұнап қалды”, “Бақытты болуға лайықсыз, керемет жансыз”, “Өте жарасымды жұп”, “Жұптарыңыз жазылмасын”, – десті жұрт.

Осылайша желідегілер Кәмшат Жолдыбаеваның кинодағы махаббатын көріп, өміріне де махаббат тілеген.

Бүгінгі жаңалықтар