Головкин мен Роналду бірлесіп жаңа жоба дайындап жатқанын хабарлады

Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен футбол жұлдызы Криштиану Роналду бір жобаға қатысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшылар инстаграм парақшаларында жариялағандай, Туринде DAZN компаниясы үшін түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Досым Криштиану Роналдумен Туринде өткен керемет күн. DAZN-ға жаңа жоба дайындап жатырмыз», – деп жазған Головкин.

«Ювентус» форварды Головкинге өз командасының футболкасын сыйға тартса, GGG өз кезегінде боксер қолғабын табыстады.

«DAZN-ға арналған жаңа жобада ерекше досыммен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Сені көргеніме қуаныштымын, GGG», – деп футболшы да өз парақшасына пост қалдырған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Working on an exciting new project for @daznglobal with a special friend. Great to see you @gggboxing !??

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)