«Бұлбұл құс» әнімен хит болған Нұржан Қалжан сахнадан неге көрінбей кетті

Бір кездері «Бұлбұл құс» әнімен хит болған, алтын дауысты әнші Нұржан Қалжанның сахнадан көрінбей кеткеніне бірнеше уақыт болды. Талантты жанның тасада қалуына тамағына салынған темір себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап.

Ерекше дауысымен елді елең еткізіп, көпшілікті тәнті еткен Нұржан Қалжанның сахнадан көрінбей кетуіне оның жол апатына түсуі бірден бір себеп болған. Соның салдарынан оның тамағына ота жасалып, темір салынған.

Загрузка...

«Міне мұнда тыртықтың орны тұр. Бес бұрандалы шегемен қатырылған. Сол апаттан кейін осындай жағдай болғаны рас. Дауысыңнан айырылып қалуың да мүмкін деді. Негізі Құдай сақтап қалған ғой, жұлын ішке қарай сынған. Егер жұлынға кішкене тисе, не адам өледі, не бір дене мүшесі сал болып қалады екен ғой. Сондайға сәл қалған. Сол қатып тұру үшін орнына темір қойып, қатырып тастады», – деді Нұржан.

Нұржанның сөзінше, оған темірді алып тастауға болады деген. Алайда темірді алғаннан кейін, оған артық қимыл жасауға болмайды екен. Сөйтіп, ол өмірінің соңына дейін тамағындағы темірмен өмір сүруге бел буған.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: