«Бәрін кештім»: Мөлдір Әуелбекованың соңғы жазбасы

Қазақстандық эстрададағы жарық жұлдыздардың бірі Мөлдір Әуелбекова желіде жариялаған жазбасымен оқырмандар қауымын ойландырып қойды. Өнер иесі кекшіл еместігін алға тартып, көңіліне қаяу түсірген жандарға әрдайым кешіріммен қарайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші желідегі жазылушылары арасында қызу пікірталас тудырған жазбаны өзінің Instagram парақшасында шығарған.

Әуелбекова бұл әрекетімен өзін ренжіткендерге үндеу жасап, оларды істеген кері қылықтарына қарамастан кешіргенін айтты.

«Өзі өзін ақтау үшін маған еріксіз күйе жаққан жаманды кешіруге шамам жетіп жүргеніне Аллаға сансыз шүкір! Мен тас ұрғанға ас ұруды еш доғармаймын! Кекшіл емеспін, көпшілмін! Кештім. Бәрін, бәрін! Ал негізі суретте айтайын дегенім, мен сіздерді жақсы көремін! Алла бізге көркем мінезділер қатарынан болуды жазсын! Әмин» , – деп жазды шоу-бизнес өкілі.

Өнер иесінің бұл жазбасы желідегілерді одан бетер ойландырып тастады. Оқырмандар Мөлдір Әуелбекова бұл сөздерді кімге арнауы мүмкін деген болжам жасаған.

Загрузка...

«Әлі іштей кешірмеген сияқтысыз» , «Қызық, жазбаны кімге арнаған екен?» , «Ақылды қыз пиғылың да таза, Алла қолдасын» , «Дұрыс шешім, кек алудың еш қажеті жоқ» , «Менің сізге айтарым, артқа қарамаңыз, алға қарай бет алып жүре беріңіз» , «Бұл жазба кімге арналғаны айдан анық сияқты» , – деп жазуда көпшілік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Өзі өзін ақтау үшін маған еріксіз күйе жаққан жаманды кешіруге шамам жетіп жүргеніне Аллаға сансыз шүкір! Мен тас ұрғанға ас ұруды еш доғармаймын! Кекшіл емеспін, көпшілмін! Кештім… Бәрін, бәрін!?? —————– Ал негізі суретте айтайын дегенім, Мен Сіздерді жақсы көрем! Алла бізге көркем мінезділер қатарынан болуды жазсын! Әмин! Қайырлы түн! Сүйдім!? #MOL

Публикация от MOLDIR AUYELBEKOVA (@moldir.auyelbekova)

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: