Тоқаевтың жалғыз ұлы тегін өзгертті (сурет)

Тоқаевтың жалғыз ұлы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғыз ұлы Тимур Тоқаев тегін өзгертті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Ербол Еділовке сілтеме жасап. 

Енді ол Тоқаев емес, Тимур Кемел.

Бұл туралы telegram-дағы парақшасында негізінен биліктегі ауыс-түйістер мен туған күн иелерін хабарлап отыратын блогер-саясаттанушы Ербол Еділов хабарлап, төлқұжаттың суретін жариялады.

Еске сала кетейік, 1984 жылы дүниеге келген Тимур Тоқаев (Кемел) туралы жазған болатынбыз.

Ол кәсіпкер, 2009 жылы «Батысқа қатысты Қазақстан Республикасының стратегиясы » тақырыбында диссертация қорғап, саяси ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған.