“Ләйлә Сұлтанқызы сәби күтіп жүр!”: Баян Алагөзова қуанышты жаңалықпен бөлісті (ВИДЕО)

Ләйлә Сұлтанқызы

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көптің көкейінде жүрген сұрақтарған жауап берді. Күйеуі мен бала-шағасы жайлы  Әйгерім Есенәлі жүргізген «Nazar» сұхбатында айтты.

Ләйлә Сұлтанқызы өзінің еш уақытта ақ көйлек киіп, той жасамағанын айтты. Оның өзіндік себептері бар.

«Мен Қайраттың екінші әйелімін. Оны көбі біледі. Күйеуімнен 12 жас кішімін. Бес баласы бар. Екеуміз үйленер алдында маған талабын айтты. Ешуақытты менің бірінші орында болмайтынымды ескертті. Бірінші кезекте балалары, содан кейін ғана менің жағдайым. Осыған келіссең, бәрі жақсы болады деді. Оны қабылдадым. Және ол шарт бұзылмайды. Бірінші екеуміздің емес, оның бірінші некедегі балаларының жағдайы жасалады. Бірақ күйеуімнің мені қатты жақсы көретінін, оны іс-әрекетінен-ақ білем. Мені әлі күнге дейін кішкентай деп қабылдайды. Кейде әке, аға секілді болып кетеді», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ләйлә Сұлтанқызы отбасында екі баланың анасы.

Тележүргізуші өзінің әйел, бала тақырыбын қайта қолға алғанын айтты. Болашақта екі қыздың анасы атанғысы келетінін жеткізген болатын.

Ал, арада көп уақыт өтпей Баян Алагөзованың әлеуметтік желіде жариялаған видеосында Ләйлә Сұлтанқызының аяғы ауыр болып көрінді. Оқырмандар видеоның астына жақсы тілектерін білдіруде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ? Жұлдызды Жаңалықтар ? (@uksastyk)

Бүгінгі жаңалықтар