19 адам қайтыс болған: Ресейде автобус көпірден аударылып қалды (ВИДЕО)

Оқиға орнына тікұшақпен дәрігерлер аттанғаны хабарланды.

Ресейдің Забайкалье өлкесінде автобус Куэнга өзеніндегі көпірден құлап, 19 адам қаза тауып, 18 адам жараланды. Қайтыс болғандардың екеуі — бала. Бұл туралы Ресейдің ІІМ сілтеме жасаған ақпарат агенттіктер хабарлады.

Автобуста 43 жолаушы мен жүргізуші болған.

Алдын ала дерек бойынша, Сретенсктен Читу қаласына бара жатқан автобустың дөңгелегі жарылған.

Оқиға орнына тікұшақпен дәрігерлер аттанғаны хабарланды. Дәрігерлер ауыр жараланғандарды ауруханаға жеткізуі тиіс.

Baza телеграм-каналы аударылған автобустың видеосын жариялады. Baza автобус ішінде адамдар қалғанын, құтқарушылар мұз жарылып, автобус су астына кете ме деп қауіптеніп отырғанын жазды.

Аймақтағы төтенше жағдай қызметі Азаттықтың Сибирь.Реалии жобасына автобустың жеке адамға тиесілі екенін, ол бұл көлікпен туристік қызмет көрсеткенін айтқан.

19 адам қайтыс болған: Ресейде автобус көпірден аударылып қалды (ВИДЕО)

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу