Шымкенттік оқушы мектепке тапанша әкелген

Айтуынша, бозбала тапаншаны өзінің сыныптасынан алып, мектепке оны қайтару үшін алып келген.

Шымкент қаласының мектептерінің бірінде оқушы мектепке тапанша алып келген, деп хабарлайды Stan.kz. 

Тәртіп сақшыларының «Жасөспірім» рейдтік әрекетінің нәтижесінде 9 сынып оқушысының сөмкесінде травматикалық тапанша анықталыпты.

«25 және 30 қараша аралығында мектептерде «Жасөспірім» рейдтік әрекеттері жүргізілді. Оның басты мақсаты кәмелетке толмаған балалардың арасында қылмыс әрекеттерін алдын алу. Тексеріс барысында қаладағы мектеп оқушыларының бірінің сөмкесінде қару анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», — деді ювеналды Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының басшы қызметін атқарушы Батырхан Алиев.

Жасөспірім полиция басқармасына жеткізілген. Ол жерге баланың ата-анасы да шақырылыпты. Айтуынша, бозбала тапаншаны өзінің сыныптасынан алып, мектепке оны қайтару үшін алып келген.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу