Шай ішу кімдерге зиян

Ресейлік диетолог, нутрициолог Марина Макиша «Аргументы и Факты» басылымына шай ішудің кімдерге зиян екенін айтып берді.

Дәрігердің айтуынша, шайда биологиялық белсенді заттар көп, мысалы, полифенол, танин, кофеин, минерал тұздар. Олардың барлығы ағзаға кері әсерін тигізеді дейді.

Нутрициолог шай біреулерге жақса, біреулерге мүлде жақпайтынын айтады.

«Кейбіреулер шай ішкен соң құсқысы келсе, біреулерінде қан қысымы жоғарылайды. Шайдың сергітетін сусын екенін түсіну керек. Генетикалық ерекшеліктерге қарамастан, ол адам денсаулығына түрлі әсерін тигізеді», — дейді Марина Макиша.

Сондай-ақ, дәрігер асқазаны ауыратын және асқазан сөлінің шамадан тыс қышқылы бар адамдарға көп шай ішпеуге кеңес береді.

Бұдан бөлек, шайдың ас қорыту жүйесі ауруларын қоздыруы мүмкін екені айтылады.

Кейбір жағдайларда, дәрігердің айтуынша, шайдан бас ауырып, жүйке жүйесі құрып, жүрекке кері әсерін тигізеді.

Тengrinews.kz

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу