Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты

Өзбекстанның Самарқанд қаласында алты адам қызға тиіскен жігітті соққыға жықты. Алған жарақат салдарынан жігіт көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

«20 қарашада түнгі 02:00-де ер адам өзінің танысымен бірге аялдамада тұрған. Ол жанындағы қызға сөзбен тиісе бастапты. Сол кезде жақын маңда өтіп бара жатқан екі ер адам қызды қорғаған», – деп жазылған хабарламады.

Бұдан соң қыз телефон шалып, таныстарын көмекке шақырған. Оқиға орнына төрт жігіт пен екі қыз келді.

«Сағат 03:40 кезінде олар қызға тиіскен ер адамның біреуін соққыға жыққан. Кейін екінші жігітті ұра бастады.Оқиғаға қатысты үш адам ұсталды», – деп хабарлады Өзбекстанның тергеу департаменті.

Зардап шеккендердің бірінің бассүйегі қатты жарақаттанған. Ол емдеу мекемесінде көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

sputnik