Жексенбі, Сәуір 5, 2020

Адам өмірге неліктен жалаңаш келеді?

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...
Ең бірінші себебі – адамның жер-жаһанға билік жүргізетін қожайын ретінде жіберілуі. Алла тағала бүкіл табиғатты адам игілігіне жаратқан.

Терме-толғауларды еттен өткізіп, сүйекке жеткізіп жырлаған әйгілі термеші Майлықожа өлеңдерінің бірінде былай деп толғапты:

Ағаш сұлу көрінбес,
Сыртында қабық болмаса.
Кілем сұлу көрінбес,
Бетіне кесте оймаса.
Осындай тұспал нақылды
Есіткен халық ойласа!

Осы шумақты бір тыңдаған адам ағаштың қабығы мен кілемнің кестесін неге айтқан деп ойлауы мүмкін. Бірақ, байыбына барып қараған адам бұл сөздің астарында үлкен тәрбиелік, рухани, діни, табиғи мән жатқанын аңдайды. Адамның жайын табиғатпен, қолөнерімен астастыра бейнелеген осы бір шумаққа ақиқат дініміз тұрғысынан кел-мекпіз. Көктем мезгілі келіп, адам баласы, әсіресе әйел заты өз киімдеріне өзгеріс енгізе бастаған уақытында бұл зерттеудің пайдасы болар деген үміттеміз.

Ақиқат көзімен зер салсақ, Алла тағала жер бетіндегі барша ағашты қабығымен, ал мал жануарларды терісі, жүнімен, яғни дайын киіммен жаратқан. Қарап отырсақ, бұл дүниеде жалаңаш туылып, үстіне киім киетін бір ғана жаратылыс бар. Ол – адам. Ал оның өзге мақұлықтар арасындағы ең көркемі, ең ардақтысы, ең ақылдысы, ең саналысы бола тұра, дайын киіммен жаратылмауының мәні неде деген сұрақ тууы мүмкін.

Біздіңше, мұның ең бірінші себебі – адамның жер-жаһанға билік жүргізетін қожайын ретінде жіберілуі. Алла тағала бүкіл табиғатты адам игілігіне жаратқан. Сондықтан мал терісін илеп кисе де, мақтадан жіп иіріп, мата жасаса да, адамның өз еркінде. Ендеше, адам баласы ақыл-санасын пайдаланып, табиғаттан киім өндіреді, сол арқылы жер бетіне қожайын екенін бүкіл жаратылыстарға паш етеді.

Екіншіден, адамның жала-ңаш туылуы – өте үлкен сынақ, емтихан. Кез келген адам алғашында ата-анасынан тап-таза парақтай пәк күйде туы-лады. Содан соң, өз аяғына тұрып, өз қолы аузына жетіп, есі кірген кезден не өз санасымен, не ата-анасының нұсқауымен үстіне киім кие бастайды. Бұл – адам табиғатының талабы. Ал балиғат жасына толған кезден бастап, ер үшін де, қыз бала үшін де бұл сынақтың мәні артады. Себебі, Алла тағала ер адам мен әйел адамды бірі-бірінің жалаңаш денесіне қарағанда сүйіспеншілігі мен қызығушылығы қозып, жер бетінде ұрпақ көбейтуге пейілді болсын деп жаратқан. Бұл қызығушылық болмаса, ерлер әйелдерге қарамай, ұрпақтар жалғастығы тоқтар еді. Бірақ, керек емес жерде осы қызығушылық оянып кетпеуі үшін Алла Тағала өз құлдарына адам көзін тартатын әурет жерлерін жабуды бұйырған. Бұл бір. Екіншіден, ұрпақ көбейтуге құмарлық сезімі ер адамға кез келген әйелден емес, өзінің ақ некелі адал жарынан ғана перзент сүюі үшін берілген.

Ал егер адамдар жалаңаш, анадан туылған қалпында көшеде жүрер болса, онда адам табиғаты мен Алла шариғатының осы ережесі бұзылар еді. Кез келген еркек кез келген әйелдің денесін көріп, құмарлығы ояна беретін болса, адам секілді емес, өзге мал-жануарлар сияқты ұрпақ көбейту үдерісі басталып кетер еді.

Сондықтан екі дүниенің иесі, барша адамның жаратушысы, шексіз білім иесі Алла тағала мүмін еркектерге де, мүмін әйелдерге де көздерін бөтенге салудан қатаң тыйған. Міне, осы тұрғыдан келсек, киілген киім адамды тек суықтан, қар-жаңбырдан қорғайтын құрал ғана емес. Киімнің осы айтылғандай иләһи хикметі мен мақсаты да бар.

Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деді: «Жалаңаш жүруден сақ-таныңыздар! Өйткені, сендер табиғи қажеттеріңді өтеп немесе адал жарларыңмен бірге болған кездеріңнен өзге уақытта сендерден бір елі қалмайтын бақылаушы періште бар. Содан ұялыңдар, соны құрметтеңдер».

Ал, тарихқа көз жүгіртсек, сонау алғашқы Адам атамыз бен Хауа анамыз өздерінің жала-ңаш екенін сезген сәтінен бас-тап, денелерін жабуға кіріс-кен. Алла оларға киім жаратып қана қоймай, оны қалай кию керектігін де үйретті. Олай бол-са, Майлықожаның «ағаш қа-бығымен сұлу» деген ойының астарында «адам киімімен сұлу» деген пайым да жатқаны анық.

Киімді ұятпен, абыроймен байланыстыратын ғалымдар баршылық. Дінімізде ұят – иманның бір бөлігі саналады. Ұят кеткен жерде иман да ұзақ тұрмай, ол да кетеді. Қасиетті Құранда: «Ең жақсы киім – тақуалық киімі», – деп бекер айтылмаған. Абай көп оқыған Сопы Аллаярдың айтуынша, әйелдердің тәнінде сұлулық қандай орын алса, рухында ар-намыс дәл сондай орын алады. Сондықтан ұят дегеніміз – адамның өз әурет жерлерінің ашылып қалмауын қадағалауы, шариғатымыз тыйым салған істерін біліп-білмей жасап қоюдан сақтану болса керек.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні шалбарсыз, тыр жалаңаш күйде шомылып жатқан адамды көріп қалады. Сосын артынша мінберге шығып былай дейді: «Шын мәнінде, Алла Тағала ұятты, ұяттыларды жақсы көреді. Жуынғысы келген адам жұрт көзінен жасырынсын», – деді.

Сөзімізді жинақтай келе Алладан тілеріміз, үстімізден еш уақытта тақуалық киімі сыпырылып, түспесін! Қызымыз арлы, еріміз намысты, еліміз ұятты болуын жазсын!

 Асылбек Әуезханұлы

Дереккөз: Mazhab.kz

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...