Ағасы туған інісін болмашы нәрсеге бола өлтірді: оқиғаның мән-жайы

«Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Украинаның Одесса облысында 46 жастағы тұрғын інісінің жүрегіне пышақ сұғып алған. 41 жастағы ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Ағасы мен інісі арасындағы жанжалға теледидардың пульті себеп болған. Екеуі оны бөлісе алмады, деп хабарлайды Украинаның ұлттық полициясы.

«Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Күдікті қамауға алынды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

sputniknews.kz/