Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов қайтыс болды. Бұл туралы Дәулет Мұқаев instagram парақшасында жазды.
«Танымал композитор, продюсер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Дүйсенов 48 жасында дүниеден озды.
Арман ағамен «Хабар» арнасында бірге қызметтес болдық. Жүргізушілік еткен «Тапқыр достар» бағдарламасына командамен қатысып, жеңімпаз болған едік. Үнемі көңілді, айналасына шуақ шашып жүретін жан еді. Әр нәрсеге балаша қуанатын. Жатқан жеріңіз жайлы болсын.
Арман ағаның жарына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз, аға!» деп жазды ол.
Марқұмның отбасына, туған-туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз!