Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі Қайрат Беркінбаевқа қатысты әсерлі жазба жариялап, балаларының қазіргі жағдайы туралы айтты.
“Тағы да сен туралы.
«Анашым, жылай бермеші, сен бізге енді бұрынғыдан да қатты керексің. Әке келіп қалатын сияқты…», – дейді тұңғышым. Кенжем Сардар болса, білдірмей, бөлмесіне барып жылап алады.😔
Сардардың әкесімен қарым-қатынасы ерекше болды. Кенжесі болған соң ба, қатты еркелетіп өсірді.
Бір жұбанышым, әйтеуір екеуінің екі үлкен ағасы, әпкесі бар, жалғыз емес. Қайрат үнемі балаларын жанына жиып жүретін. Әр немересіне жеке көңіл бөліп, келіндерін аузынан тастамайтын. Олар да маған құрбы сияқты болып кеткен. Сол жағын ойласам, қуанам. Ұлдарға бауырмалдылық, отбасы құндылықтарын жақсы көрсете білді.
Жазда ғана қызын ұзатып, үлкен той жасаған еді.
Ұл-қыздары, немерелерімен шүйіркелесіп отырған суреттерін өзім түсіріп едім. Әлі де бәрінің жай ғана елес болып қалғанына сене алмаймын. Бірақ ұрпағы үшін бәріне төтеп беруге уәде бердім…”
Айта кетейік, 6 қараша күні белгілі кәсіпкер, қоғамдық денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген қайраткер, «Оқ-жетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев 57 жасында қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram