Ләйлә Сұлтанқызы: Осы “ойын” шартын қабылдадым

Ләйлә Сұлтанқызы

Танымал тележүргізуші күйеуінің тұрмысқа шықпас бұрын қандай шарт қойғанын айтып берді.

Ләйлә Сұлтанқызы осы күнге дейін ақ көйлек кимегенін және алдағы уақытта міндетті түрде той жасайтынын айтты. Сондай-ақ, өзінен он екі жас үлкен күйеуімен азаматтық некеде тұрып жатқанын жоққа шығарды. Яғни екеуі заңды түрде отасқан.

“Неке куәлігі жоқ деп айтқан емеспін. Тек осы күнге дейін ақ көйлек кимегенімді сөз қылдым. Ол рас. Міндетті түрде той жасаймын. Себебі, мен тұрмысқа шығарда жасамадым. Оған белгілі бір себептер болды. Ал себебі тым жеке болып тұр. Күйеуіммен отасқанымызға 15 жылға жуық уақыт болды. Кейде “Менің азаматтық некеде тұратынымды ел менен жақсы біле ме?” деген ой келеді. Осы нәрсені ұқпаймын. Осындай сәттерде Қайрат “Бәлкім үйлену куәлігін жариялайтын шығарсың” деп қалжыңдайды. Қоғамда осы іспеттес пікір барын білемін. Мен оны жасырып жүрген жоқпын”, — деді ол Қазақстан арнасының “Назар” бағдарламасында.

Әрі қарай тележүргізуші күйеуі екеуі арасындағы жас айырмашылығының айтарлықтай білінетінін айтты.

“Қайраттың бірінші әйелі емес екенімді ел жақсы біледі. Бәлкім осының салдарынан адамдарда жаңағындай ой туындайтын шығар. Қайраттың бірінші келіншегінен балалары бар. Құдайға шүкір, келіндеріммен араласамын. Қайраттың мені қатты жақсы көретінін оның іс-әрекетінен байқаймын. Балаға келгенде қатал. Кейде “Қайрат, мен сенің қарындасың емеспін. Олай ұрыспасаңшы” деймін. Өйткені, арамызда 12 жылдық айырмашылық сезіледі. Ол маған әлі күнге дейін кішкентай қыз сияқты қарайды”, — деді ол.

Бұдан кейін тележүргізуші жолдасының тұрмысқа шықпас бұрын өзіне қандай шарт қойғанына тоқталды. Мұнымен қатар, күйеуінің бірінші некесінен туған балаларына қатысты ешқандай арам ойы жоқ екенін айтып өтті.

“Менде арам ой жоқ. Қайрат бірінші балаларымның екі үлкен ағасының, кейін әпкесінің жағдайын жасайды. Әкелері бір болғандықтан, олар бірінші кезекте тұрады. Бірінші күннен күйеуім “Ләйлә, сен ешуақытта бірінші орында болмайсың. Осыны ұмытпа. Сен менің балаларымнан кейін тұрасың. Егер осыны қабылдай алсаң, бәрі жақсы болады. Ал қабылдай алмасаң, маған ренжіме. Осы “ойын” шартын қабылдадым, ол ешуақытта бұзылмайды. Ойын шарты деп әсірелеп айтып отырмын”, — деді тележүргізуші.

Бүгінгі жаңалықтар