“Төбемізден жай түскендей”: Тілеубековалар отбасындағы қайғылы жаңалық туралы айтты (Видео)

Тілеубековалар

Әзіл-сықақ театрлары арқылы халықтың қошеметіне бөленген апалы-сіңілі Гүлбаушан және Қаракөз Тілеубековалар соңғы кездері сахнадан көрінбей кетуінің себебін “1001 түн” бағдарламасында айтып берді.

90-жылдары Гүлбаушан “Тамаша” арқылы, Қаракөз “Бауыржан-шоу” арқылы қошеметке бөленген еді. “1001 түн” бағдарламасына қатысқан өнерпаздар жақын адамынан айырылғандықтан, ел алдына шығуға зауқы соқпағанын жеткізді.

Өзімнің 50 жылдық мерейтойымды атап өткеннен кейін аяқ астынан туған апам қайтыс болды. Ойламаған жерден, бір күнде төбемнен жай түскендей болды. Содан кейін шығармашылыққа қайта оралу қиынға соқты. Соғысқа баратындай күй кештім, — дейді Гүлбаушан Тілеубекова.

Қаракөз екеуміз жақында тағы бір ауыр қайғыны бастан кешірдік. Бес ай бұрын Қаракөз қатты жақсы көретін туған бауырымыздан айырылдық, — деді актриса.

Ал Қаракөз телеарналардың көбі Астанаға ауысып кеткенін әрі өзі ұшақтан қорқатынын жеткізді.

Қазір Астанаға барып-келудің өзі маған қиын. Мен ұшақтан қатты қорқамын. Оған отырсам сөйлемеймін, күлмеймін, ас ішпеймін. Бір қорқыныш пайда болды. Ал Гүлбаушанға “Неге шақырған жерге бармайсың?” деп ұрысамын. Айтқанынан қайтпайды, — деді Қаракөз Тілеубекова.

Бүгінгі жаңалықтар