“Денсаулығының отыз пайызы ғана қалды”: Жүрсін Ерман ауруханаға түсті

Жүрсін Ерман

Айтыстың жүргізушісі, белгілі ақын Жүрсін Ерманның ауруханаға түскенін айтыскер Мұхтар Ниязов фейсбук парақшасында мәлімдеді. “Алтын домбыраның” үш дүркін иегері ақынның аяқ астынан ауырып қалғанына қатты алаңдап, көңілінің күпті болып отырғанын жеткізді.

“Бүгін Жүрсін ағаның ауруханаға түскенін естіп, уайымдап қалдық. Көптен денсаулығы сыр беріп жүрсе де, үлкен аламандарға барып, бастан-аяқ жүргізіп, мейлінше қалмауға тырысатын. Осы жолғы дерті қаттырақ соққан сияқты. Қай жылы Жүкең Кореяға барып толық тексеріліп келіп: “Кәрістерің денсаулығыңның отыз пайызы ғана қалды деп отыр. Жетпіс пайызбен жетпіс жыл жүрдік қой. Енді отыз пайызы отыз жылға шыдап берсе ғасыр жасап қалатын шығармын” деп қалжыңдаған. Сол қалжың шынға айналсын, ағамыз сақайып аттай шауып кетсін. Жұма күнгі үлкен бір тілек осы!”, — деп жазды Мұхтар Ниязов.

Әлеуметтік желіде жария болған жазбаға Қалқаман Сарин, Ержеңіс Әбді сынды ақындар лебіз жазып, пікір қалдырды.

Бүгінгі жаңалықтар