«Жігер Ауыпбаев қайтыс болды»: Мәселенің мән-жайы анықталды (Видео)

Жігер Ауыпбаев

Белгісіз біреулер Youtube желісінде эстрада әншісі Жігер Ауыпбаевтың «қайтыс болғаны» туралы жалған ақпарат таратып жіберген, деп хабарлады Elorda.info.

Ал өнер иесі өзінің Instagram парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол өзі туралы шыққан видеоларды желіде көрсеткен.

Осылай қарап отырсам, әндерден кейін «Шұғыл хабар» дейді. Мен қайтыс болып кетіппін ғой. Мынау не хабар енді? Менен құтыла алмай жүр ме? Үш күн бұрын салыпты. «Ешкім аман қалмады» дейді. Алла сақтасын, – деп айтты әнші видеода.

Сондай-ақ ол: «Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле» дейді емес пе?», – деп жазып қойды.

b67cf54d 011a 4f50 8084 0551ce2170d1

Бүгінгі жаңалықтар