“Ауылдан шығып алып…”: Илья Ильиннің ерсі әрекеті қазақтардың ашуын тудырды

Илья Ильин

«Хабар 24» телеарнасының журналисі Аслан Қаженов елордада отандық спорттың мықтылары жиналған бір жиыннан қынжылып қайтқанын айтады. Оның айтуынша, жиналғандардың басым көпшілігі қазақстар болғанымен, жиын орыс тілінде өткен. Ең сорақысы, қазақ тілінде ақпарат беруді сұраған журналистерді жиынға келгендердің бірі мазақ етіп қорлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Артынан «неге қазақша ақпарат бермейсіздер?» деп, ұйымдастырушылардың мазасын алып жүрсем, бұрышта отырған Илья Ильин «сенің жасап жүргенің низкий поступок» дейді.  Малсың, мамбетсің дегені ғой. Өзім солай қабылдадым. Ауылдан шығып алып, неге қыртасың деген сияқты. Ана жерде қан басқа шапты. Мен өз елімде  өз тілімде ақпарат ала алмай аузым ұрылып тұрғанда мақтаулы ауыр атлетіміз осылай сөзбен періп қалды. Не деген сорлымыз? Расымен де мал, яки, мамбет болып тұрмыз ғой»,- деп жазды журналист.

Оның айтуынша,  отандық спортта бұндай жағдай жиі кездеседі, дегенмен ол әрқашан қазақша ақпарат беруді талап етеді.

«Принципті түрде қазақша сөйлемей, «ал, не істей аласың?» деген кездер болды. Анау-мынау спортшылар емес. Ел бюджетінен жыл сайын жүздеген миллион теңге бөлінетін, солар уайымдамасын, солар қиналмасын деп, барлық жағдайы жасалатын спортшылар. Оларды бүкіл халық қолдап-қолпаштайды. Жетістіктеріне қуанады. Бірақ, мына жақта не бықсытып жүрендерін білмейді ғой»,-деп ренішін білдірді.

Тілді құрмет тұтпағаны аздай, спортшыларымыздың әнұранды білмейтінін тағы айтты.

«Тілге түкіргені бір мысал. Одан бөлек әнұранды жатқа білмейді. Жарыстарға көк байрағымызды апармайды. Кейін соларды талап етсең, низкий поступок жасаған болып шығасың…

Бүгінгі жаңалықтар