Қарапайым: желі қолданушылары Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығына таңғалуда (ФОТО)

Күні кеше ғана үйленгенін жариялаған Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығына жұрт қызыға қарауда. Көпшілік оның өте қарапайым, әрі ешқандай жылтыр дүниеге қызықпайтынын желіде айтып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Махаббат Түктібаева 2017 жылы «Қарағанды аруы» байқауында бірінші вице-мисс атанған. Бірақ сұлу бикеш өзін қай жерде болсын өте қарапайым ұстайды. Мұны Instagram-парақшасындағы суреттерінен аңғаруға болады. 

24 жастағы арудың курорттарда немесе теңіз жағасында түскен бірде-бір суреті жоқ. Ол Алматының тауларында демалғанды жақсы көретін сияқты. Табиғат аясында жиі серуендейді екен.

махаббат

Сондай-ақ, желідегі суреттерінен оның жануарларды ұнататынын көруге болады.

жылқыӨз кезегінде желі қолданушылары Махаббаттың табиғи сұлулығына таң тамаша болып жатыр. «Табиғи сұлу қыз! Бетінде бір ботокстің ізі жоқ. Қасы қалың өзінікі. Бояуды да көп қолданбайтын қыз екені көрініп тұр! Бой десе бойы бар, ой десе ойы бар, салмақты, қарапайым қыз» деп жазған. Алайда кейбірі аруды актриса Гүлназ Жолановаға ұқсатқан. Енді бірі Тәуекелдің анасына ұқсайтынын жазуда.

қыз

«Тәуекелдей көрікті жігітке тұрмысқа шығу өзіңе бұйырыпты. Енді бақытты боламын демей, сол отбасыны бақытты етемін деп еңбек ете ғой» деп тілек жазғандар да жоқ емес.

Жас жұбайлар қазақ салтын барынша ұстанып жатыр. Тәуекел Мүсілімнің айтуынша, той келесі жылға қалған.

«Кеше туысқандар үшін беташар жасадық. Анамыздың алдынан өтіп, үлкендердің батасын алдық. Құдай қаласа, той келесі жылы болады. Тойға барлығыңызды шақырамын, ұмытқан жоқпын. Құттықталарыңызға рахмет», – деп жазды актер желі парақшасында.