Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді

Аягөз гарнизонындағы танкистер құрамасының жеке құрамы Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті.

Мемлекеттігіміздің басты нышандарының 30 жылдығына арналған салтанатты шарада жеке құрам сапқа тұрғызылып, рәміздерге құрмет көрсетілді.
Құрама командирының орынбасары майор Бақытжан Сералиев мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына тоқталып, тәуелсіз елдің төріндегі нышандардың ерекше маңыздылығы жайында айтып өтті. Сонымен қатар, танк құрамасының командирі әскери қызметшілерге мерекелік құттықтауын жеткізді.


– Әскери адамдар үшін Мемлекеттік рәміздер Отанымыздың бірден-бір атрибуты болып саналып, ерекше құрметтеледі. Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – еліміздің рәміздерін барынша насихаттау. Сол арқылы жеке құрамды патриоттық рухта Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, – деді подполковник Дәулет Сүттібаев.

Еліміздің егемендігінің белгісі ретінде бекітілген Ту, Елтаңба және Әнұран қашанда халқымыздың мақтанышы, абыройы және аса қастерлі құндылығы болып қала бермек.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888