Әскери қалашықта балаларды қорғау күні аталып өтті

 

Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері балаларға арнап 1 маусым күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Гарнизон бастығы подполковник Дәулет Сүттібаев балаларды мерекелерімен құттықтады.

Мерекеге арнап, шағын сахна мен ойын нүктелері құрылды. Әскери қызметшілердің балалары түрлі ойындарға қатысты. Балалар әсем әнге би-билеп,  тамылжыта ән салып өз өнерлерін көпшілік қауымға паш етті.

Сонымен қатар спортқа жаны құмар жеткіншектер әртүрлі спорттық шараларға белсене атсалысып, өзара сынға түсті. Жарыс болған соң жеңімпаздың болуы керек болғандықтан, үздік үштіктің қатарынан көрінген жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, балаларды қуанту мұнымен шектелмеді. Мереке соңында   барлық балаларға тегін балмұздақтар мен ойыншықтар таратылды. Осылайша Аягөздік әскерилер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, айтулы күнді жоғары деңгейде атап өтті.

.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

 

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888