Жас сарбаздар алғаш рет атыс қаруынан оқ атты

 

Аягөз гарнизоны танк құрамасының 200-ден аса жас сарбазы «Майлин» оқу-жаттығу полигонында алғаш рет атыс қаруынан оқ атып, жауынгерлік біліктіліктерін арттырды.

Жас толым атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау алдында ұрыс қаруының құрылымын, шынайы жауынгерлік ұрыстағы мүмкіндіктерін, ерекшелігін және қауіпсіздік шараларын теория жүзінде игерген болатын. Сондай-ақ, оқ ату жаттығуларын бастамас бұрын жас толымға қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді.

 – Біз бүгін алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Көрсеткішім жақсы. Бүгінгі жетістігім командирлеріміздің үйреткен әдіс-тәсілдерін қолданудың нәтижесі деп ойлаймын, – деді қатардағы жауынгер Иса Нұржанов.

– Бүгінгі алғашқы ату-жаттығу қорытындысы күтпеген нәтижелермен ерекшеленді. Себебі, бөлімге жаңа келген сарбаздардың ішінен біразы нысаналарға дәл тигізіп, жоғары ұпай жинады. АК-74 қаруын алғаш қолға алған бозбалалар үшін бұл жақсы нәтиже екенін айта кеткен жөн. Біздің сарбаздар әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйреніп, енді санаулы күндерден соң ант беретін болады, – деді танк құрамасы  артиллериялық дивизион командирінің орынбасары капитан Нұрислам Ахмедиев.

Бұл алғашқы жаттығуларды жас әскерилердің «жауынгерлік  жолының бастамасы» деп айтуға болады. Әскердегі бір жыл қызмет ішінде оларды осындай ауқымды оқу-жаттығулар мен далалық  жиындар күтуде.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888