Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алды

Биыл Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 98 жыл. Осы орайда батырды еске алуға арналған шараның бірі Аягөз гарнизоны танкистер құрамасының мәдени демалу орталығында ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты сарбаздарды патриотизмге, жоғары кәсібиліктің және әскери борышқа адалдықтың үлгісі ретінде армия генералы Сағадат Қожахметұлының өмірімен таныстыру болды.

Сабақ барысында жас толымға батырдың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері, халқына сіңірген еңбегі және еліміз Тәуелсіздік алған жылдары  Қарулы күштердің дамуына қосқан үлесі, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі болғандығы туралы жан-жақты айтылды.

«Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты» деп Бауыржан атамыз айтқандай, Сағадат атамыздың жарқын бейнесі есімізде мәңгі сақталады. Батыр бабаларымыздың ерлігін Отан қорғаушыларға, өскелең ұрпаққа жеткізу біздің  басты міндетіміз, - деді артиллериялық дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары  капитан Нұрислам Ахмедиев.

Иә, ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, артына өшпес із қалдырған ердің ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру – бүгінгі ұрпақтың парызы. Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, ел есінде сақталары сөзсіз.

 

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888