Көктемгі әскерге шақыру жалғасуда

Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр.

Мерзімді қызметке шақыруды ұйымдастыру барысында жастардың жұмыс орны, отбасылық жағдайы және денсаулығы мұқият тексеріліп, зерделенуде.

Биыл әскерге шақырылушылардың арасында ерік-жігері мықты жастар айтарлықтай көп. Солардың бірі Қайрат Әлиханов «Отан қорғау ер жігіттің азаматтық парызы» деп есептейді. Ол: «Әскерге шақыру туралы sms хабарлама алдым. Қазір медициналық тексеруден өтіп жатырмын. Болашақта десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет етсем деген арманым бар» дейді.

 

Мамандар биылғы жылы Аягөз ауданынан 160 жасты әскер қатарына аттандыру жоспарланғанын айтады. Бүгінде бұл меженің 50 пайызы орындалған. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жасақтау қызметінің бастығы майор Ерболсын Оралбаев мамыр айының соңына дейін 50 шақты бозбаланың іріктеліп, әскер қатарына аттанатынын жеткізді

Жастарды көктемгі әскерге шақыру науқаны маусым айының соңында аяқталады.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Бүгінгі жаңалықтар