Қазақстандық әскери қызметші Азия чемпионы атанды

dsc0013 scaled

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі 3 сыныпты сержант Сұңқар Қуанышев кәсіпқойлар арасында 95 келі салмақ дәрежесінде кір тасын көтеруден Азия чемпионы атанды.

Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Оңтүстік Корея және Моңғолиядан келген 300-ден астам спортшы қатысты.

Жарыста қазақстандық спортшы 32 келілік екі кір тасын 10 минут ішінде 93 рет жұлқи көтеріп, алтын медалға ие болды.

dsc0013

  • Бәсеке өте тартысты өтті. Жеңіл болған жоқ, – дейді өз әсерін бөліскен жеңімпаз. – Қарсыластарымның бәрі кіл мықтылар. Бұл жолғы жеңісімді Қарулы күштердің 30 жылдығына арнаймын.

3 сыныпты сержант Сұңқар Қуанышев Аягөз гарнизонындағы танк құрамасында қызмет етеді. Кір спортымен әскери салаға келген соң тұрақты түрде айналыса бастаған. Қажырлы еңбек пен маңдай тердің арқасында аз уақыт ішінде әскери спортшы кір спортынан спорт шебері, Қарулы күштердің чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының жүлдегері атанған.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Бүгінгі жаңалықтар